VISIONCARE 2026: САРАПШЫЛАР ОПТИКА, ОФТАЛЬМОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫН ТАЛҚЫЛАЙДЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 20–22 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 1-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ОПТИКА, ОПТОМЕТРИЯ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯ» – VISIONCARE 2026 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Көрме оптикалық индустрия, офтальмология, оптометрия өкілдерін және медициналық технологиялар өндірушілерін біріктіреді. Көрмеге Беларусь, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркия елдерінің компаниялары қатысады, бұл алаңның халықаралық мәртебесін және Орталық Азиядағы көру нарығы мен оптикалық шешімдерді дамытуға кәсіби қауымдастықтың қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Көрме аясында клиникалар, оптика салондары және сала мамандарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар, линзалар, диагностикалық шешімдер мен инновациялық әзірлемелер таныстырылады.
VisionCare 2026 аясында кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналған негізгі алаңға айналатын іскерлік бағдарламаға ерекше назар аударылады. Бағдарламаның басты іс-шарасы 21 мамыр күні өтетін «Қазақстанның оптикалық нарығы 2026: саясат, экономика, клиникалық тәжірибе және жаңа технологиялар» атты пленарлық сессия болмақ. Сессия Қазақстанның оптикалық нарығының қазіргі үрдістері мен даму перспективалары туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған — мемлекеттік реттеу және цифрландыру мәселелерінен бастап инновациялық клиникалық шешімдер мен офтальмологиядағы заманауи стандарттарды енгізуге дейін. Пленарлық пікірталас барысында қатысушылар 2026 жылы саланың дамуын айқындайтын мемлекеттік саясаттың басымдықтарын, салық жүйесіндегі өзгерістердің, соның ішінде ҚҚС мәселелерінің, оптика салондары мен клиникалардың қызметіне әсерін, сондай-ақ ҰТК, цифрлық есептілік және мемлекеттік интеграциялық жүйелер саласындағы жаңа талаптарды енгізу перспективаларын талқылайды. Жеке блок офтальмология мен оптометриядағы заманауи тәсілдерге, диагностикадағы инновацияларға, ортокератологиялық линзаларды өндіру мен қолдануға, сондай-ақ клиникалардың медициналық шешімдер өндірушілерімен өзара әрекеттесуіне арналады.
Спикерлер қатарында — Әсет Ілиясұлы Нүсіпов – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі; Мұрат Сағымбеков – «ҚазСтандарт» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары; Анна Яковлева – Actual Optic компаниясының тең иесі және CEO-сы; Диляра Алиева – MedInnVision Lab компаниясының негізін қалаушы; Гульнара Андриенко – ASTANA VISION клиникалар желісінің арнайы контактілі түзету және миопияны бақылау бағыты бойынша медициналық директоры.
Іскерлік бағдарламаның жалғасы ретінде Actual Optic компаниясының «27 жыл биікте: бәсекелестері жоқ нишаны қалай құруға болады» атты семинары өтеді. Сессия аясында компанияға ондаған жылдар бойы көшбасшылық позициясын сақтауға мүмкіндік берген басқарушылық шешімдер, сондай-ақ бизнесті дамыту, бірегей нарықтық нишаны табу және компанияның өсуіне әсер еткен стратегиялық шешімдердің нақты кейстері қарастырылады. Семинар спикері ретінде Actual Optic компаниясының тең иесі және CEO-сы Анна Яковлева сөз сөйлейді.
Осылайша, VisionCare 2026 оптикалық және медициналық нарық мамандары үшін маңызды кәсіби іс-шара болмақ, қатысушыларға саланың негізгі өзгерістерін талқылауға, халықаралық тәжірибемен танысуға және Қазақстан мен өңірдегі көру индустриясын одан әрі дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Фотозонаның серіктесі — Қазақстандық «LUCY» көз клиникасы. «Lucy» көз клиникасы — ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне негізделген көру патологияларын емдеуге арналған заманауи орталық.
Іс-шараны Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы бірлесіп ұйымдастырады.



